Жаңалықтар
Всем заказчикам и поставщикам касательно списка ФЛК!
Жаңалықтар 13.11.2024
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға құқылы тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілердің тізбесін қалыптастырады.
Актуалды тізім веб-порталда ФЛК бөлімінде орналастырылған (сілтеме).
Анықтама үшін: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 7), 16), 27), 29), 30), 33), 36), 40), 41), 51) және 56) тармақшалары негізінде бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар веб-порталда уәкілетті орган қалыптастыратын тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілер тізбесі бойынша орнатылған форматтық-логикалық бақылауды (ФЛК) ескере отырып жүзеге асырылады (Қағидалардың 474-тармағы).
Тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілерді осы тізімге енгізу тапсырыс беруші немесе әлеуетті жеткізушінің Қағидаларға 46 және 47-қосымшаларға сәйкес өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Өтінішке тапсырыс берушінің немесе әлеуетті жеткізушінің тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге өкілеттігін растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
Осыған байланысты, егер тапсырыс беруші немесе әлеуетті жеткізуші бұл тізімде болмаса, оларды енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі негіздер бойынша өтініш жолдауы қажет:
• Тапсырыс берушілер үшін: 39-баптың 3-тармағының 7), 30), 33) және 51) тармақшалары бойынша;
• Әлеуетті жеткізушілер үшін: 1), 16), 27), 29), 36) және 41) тармақшалары бойынша;
• Президент тапсырмасы негізінде Үкімет айқындаған әлеуетті жеткізушілер мен оларға бекітілген тапсырыс берушілер үшін: 56) тармақша бойынша.
Қосымша, 39-баптың 3-тармағының 27) тармақшасы шеңберінде шарт жасасатын әлеуетті жеткізушілердің тізбесі жыл сайын монополияға қарсы органның қорытындысы негізінде 31 желтоқсанға дейін қалыптастырылады.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, 27) тармақша бойынша әлеуетті жеткізушілер 2025 жылға жарамды жаңартылған өтініш пен монополияға қарсы органның қорытындысын ұсынуы тиіс.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 12.11.2024
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 11.11.2024
11.11.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.
Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.
Уважаемые заказчики!
Жаңалықтар 08.11.2024
Хабарлаймыз, мемлекеттік сатып алулардың қаржыландыруға сәйкес келмейтін көлемде жариялануының алдын алу мақсатында, 2024 жылғы 8 қарашадан бастап «Жоспарлау» модулі жаңартылды. Енді ол жылдар бөлінісінде жобалар құны туралы деректерді міндетті түрде тексеруді қамтиды. Бұл веб-порталдың «Жобаларды кешенді сараптаудың бірыңғай порталымен» (ЖКСП) интеграциясы арқылы іске асады.
Аталған деректер мемлекеттік және жеке сараптамалық ұйымдардан оң қорытынды алған жобалар бойынша қолжетімді.
Осыған байланысты, «Құрылыс-монтаж жұмыстары» белгісі бар мемлекеттік сатып алу жоспары тармағын бекіту кезінде тапсырыс беруші «Сараптамалық ұйымның қорытындысының нөмірі мен күні» жолын міндетті түрде толтыруы тиіс, бұл жоба құны мен жоспарланған сатып алу сомасын салыстыру үшін қажет.
Егер жылдық жоспарда бірінші жылға бөлінген қаржыландыру сомасы ЖКСП-де көрсетілген сомадан аз болса, жүйе бұл жоспар тармағын сақтамайды.
Толық нұсқаулықпен сілтеме арқылы танысуға болады.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 04.11.2024
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы
№ 687 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары қабылданды.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (zan.gov.kz).
Бұйрықтың мәтінімен осында танысуға болады.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 04.11.2024
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы
№ 687 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары қабылданды.
Аталған бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (zan.gov.kz).
Бұйрықтың мәтінімен осында танысуға болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 01.11.2024
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (31.10.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (31.10.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақБарлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 18.10.2024
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (17.10.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен осы жерден (17.10.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақБарлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 11.10.2024
2024 жылғы 11 қазаннан бастап веб-порталда «Шарттар» модуліне шарт жасасу кезеңінде әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына қатысушылардың жосықсыз қатысушылар тізілімінде болуына байланысты шектеулерді тексеру бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Тапсырыс берушіге арналған нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған.
Өнім берушіге арналған нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған.
Тапсырыс берушіге (квазимемлекеттік сектор) арналған нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған.
Өнім берушіге (квазимемлекеттік сектор) арналған нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған.
ТолығырақБарлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 11.10.2024
Мемлекеттік сатып алуға «Аукцион» тәсілімен, оның ішінде бағдарлама-боттарды қолдану арқылы қатысатын әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндік беру мақсатында 2024 жылғы 11 қазаннан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Аукцион» тәсілімен сатып алу модулі өзгертілді.
Аталған өзгеріс мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен (Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген) белгіленген тәртіпке сәйкес, аукционға қатысушыларға тауар бағасы бойынша ұсыныс енгізуге әрбір келесі қадамда 10 минуттық уақыт аралығы берілетін алгоритмді қолдануды көздейді.
Толығырақ мына сілтеме арқылы пайдаланушы нұсқаулығымен танысуға болады:
Толығырақ