Тарифтер
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алулары мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Заң (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізіледі.
Заңға сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызмет әлеуетті өнім берушілерге ақылы негізде көрсетілетін болады.
Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу веб-порталына қол жеткізу әлеуетті өнім берушілер тиісті шарт жасасып, төлем жүргізгеннен кейін қамтамасыз етілетін болады.
Қызметтерді ұсынудың жоспарланған жағдайлары:
1. Қызмет мемлекеттік сатып алу веб-порталының мынадай функцияларын қолдануды қамтитын болады:
- Мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім беру/толықтыру, бір көзден мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді беру;
- Баға ұсынысын беру;
- Мемлекеттік сатып алу туралы шартты келісу және қолтаңба қою (мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдері бойынша).
2. Қызметтер құны өтінімнің (қатысу үшін өнім беруші таңдаған лоттардың жоспарлы сомасынан) немесе жасасылған шарттың (шарттың жоспарлы сомасынан) ең жоғарғы құнымен анықталады, әрбір өтінім және шарт үшін шектеу бөлек әрекет етеді (төленген кезең ішінде берілетін өтінімдер мен шарттар саны шектелмеген). Қызмет жылына бір рет төленеді
Қызметтің құнын есептеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келісім бойынша 2018 жылдың 29 желтоқсанындағы № 15 «Электрондық қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді.
-
-
Шекті сома
- 1 миллион теңгеге дейін
- 10 миллион теңгеге дейін
- 100 миллион теңгеге дейін
- 1 миллиард теңгеге дейін
- Шектелмеген
-
-
-
АЕК-тегі тариф
- Жылына 1 АЕК
- Жылына 10 АЕК
- Жылына 20 АЕК
- Жылына 60 АЕК
- Жылына 122 АЕК
-
-
-
Теңгедегі тариф
- Жылына 3 692 теңге **
- Жылына 36 920 теңге **
- Жылына 73 840 теңге **
- Жылына 221 520 теңге **
- Жылына 450 424 теңге **
-
* * бағалар ҚҚС қамтиды
* * * бұл есеп келісу сатысында және жоспарлы болып табылады
3. Ақша аудару жолымен төлемдерді енгізу үшін деректемелер:
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ
БСН 071140005693
IBAN KZ736010111000171681
«Қазақстан Халық банкі» АҚ
БИК HSBKKZKX
Кбе 16
ТМК 859 (Басқа санаттарға енгізілмеген кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер, соның ішінде коммерциялық қолдау)
Төлем мақсаты: Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қол жеткізу) бойынша қызмет төлеу
Ауыстыру негізі: "2018 жылғы 27 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы мәселелері
бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның 17-бабы 3-тармақшасы.
Ұлттық валютада ғана қаражат аударуға жол беріледі.
Қаражатты есепке алу төлем құжатында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша жүргізіледі, сондай-ақ төлем құжаты ақша аудару жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы
банктерінің бірінде ашылған шот туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
Назар аударыңыз! Төлем оны жүзеге асырғаннан кейін мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде келесі күні есепке алынады (осыған байланысты Банктер дәл сол күні аударылатынына кепілдік бермейді, банктер аударымдарды 3 жұмыс күнінен дейін кідіртуі мүмкін).
Назар аударыңыз! Қызмет жылына бір рет төленеді.
4. Қызмет шартқа қол қойылған және/немесе шартты төлеген күннен бастап және жыл соңына дейін ұсынылады. Әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталына төлем жасау тәртібі жеткізушінің нұсқауларының «МС веб-порталды пайдалану үшін төлем» бөлімінде берілген
Қызметтерді ұсынуға неғұрлым икемді тұрғыдан келу мақсатында, мемлекеттік сатып веб-порталында жеке кабинеттерде «электронды әмиян» құрылатын болады, онда ақша қаражатын есепке алу жүргізіледі, осы әмияннан Қызметтерге төлеуді жүзеге асыру мүмкін болады.
Ескертпе:
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасы шеңберінде "Бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу веб-порталды пайдалану (қолжетімділік) бойынша қызметтерге ақы төлемей жүзеге асырылады.
- "Мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтеріне шарт" тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу веб-порталды пайдалану (қолжетімділік) бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлемей жүзеге асырылады.
- Егер Тапсырыс беруші сатып алу лотында "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу" - 155 ерекшелігі көрсетілген жағдайда, "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу" тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу 1 АЕК мөлшерінде ең төменгі тариф бойынша жүзеге асырылады.