Всем заказчикам и поставщикам касательно списка ФЛК!
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға құқылы тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілердің тізбесін қалыптастырады.
Актуалды тізім веб-порталда ФЛК бөлімінде орналастырылған (сілтеме).
Анықтама үшін: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабының 3-тармағының 1), 7), 16), 27), 29), 30), 33), 36), 40), 41), 51) және 56) тармақшалары негізінде бір көзден тікелей шарт жасасу тәсілімен мемлекеттік сатып алулар веб-порталда уәкілетті орган қалыптастыратын тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілер тізбесі бойынша орнатылған форматтық-логикалық бақылауды (ФЛК) ескере отырып жүзеге асырылады (Қағидалардың 474-тармағы).
Тапсырыс берушілер мен әлеуетті жеткізушілерді осы тізімге енгізу тапсырыс беруші немесе әлеуетті жеткізушінің Қағидаларға 46 және 47-қосымшаларға сәйкес өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Өтінішке тапсырыс берушінің немесе әлеуетті жеткізушінің тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге өкілеттігін растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
Осыған байланысты, егер тапсырыс беруші немесе әлеуетті жеткізуші бұл тізімде болмаса, оларды енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, төмендегі негіздер бойынша өтініш жолдауы қажет:
• Тапсырыс берушілер үшін: 39-баптың 3-тармағының 7), 30), 33) және 51) тармақшалары бойынша;
• Әлеуетті жеткізушілер үшін: 1), 16), 27), 29), 36) және 41) тармақшалары бойынша;
• Президент тапсырмасы негізінде Үкімет айқындаған әлеуетті жеткізушілер мен оларға бекітілген тапсырыс берушілер үшін: 56) тармақша бойынша.
Қосымша, 39-баптың 3-тармағының 27) тармақшасы шеңберінде шарт жасасатын әлеуетті жеткізушілердің тізбесі жыл сайын монополияға қарсы органның қорытындысы негізінде 31 желтоқсанға дейін қалыптастырылады.
Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, 27) тармақша бойынша әлеуетті жеткізушілер 2025 жылға жарамды жаңартылған өтініш пен монополияға қарсы органның қорытындысын ұсынуы тиіс.