Уважаемые заказчики!
Хабарлаймыз, мемлекеттік сатып алулардың қаржыландыруға сәйкес келмейтін көлемде жариялануының алдын алу мақсатында, 2024 жылғы 8 қарашадан бастап «Жоспарлау» модулі жаңартылды. Енді ол жылдар бөлінісінде жобалар құны туралы деректерді міндетті түрде тексеруді қамтиды. Бұл веб-порталдың «Жобаларды кешенді сараптаудың бірыңғай порталымен» (ЖКСП) интеграциясы арқылы іске асады.
Аталған деректер мемлекеттік және жеке сараптамалық ұйымдардан оң қорытынды алған жобалар бойынша қолжетімді.
Осыған байланысты, «Құрылыс-монтаж жұмыстары» белгісі бар мемлекеттік сатып алу жоспары тармағын бекіту кезінде тапсырыс беруші «Сараптамалық ұйымның қорытындысының нөмірі мен күні» жолын міндетті түрде толтыруы тиіс, бұл жоба құны мен жоспарланған сатып алу сомасын салыстыру үшін қажет.
Егер жылдық жоспарда бірінші жылға бөлінген қаржыландыру сомасы ЖКСП-де көрсетілген сомадан аз болса, жүйе бұл жоспар тармағын сақтамайды.
Толық нұсқаулықпен сілтеме арқылы танысуға болады.