Жаңалықтар
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 13.10.2022
Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 328-П бұйрығымен бекітілген Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының (бұдан әрі–ТЖҚ БНА) деректерін жүргізу және өзектендіру Әдістемесінің 4.3-тармағына сәйкес қосымшаға сәйкес ТЖҚ БНА кодтарының қатарын жоспардан тыс өзектендіру бойынша жұмыс жүргізді.
ТолығырақУважаемые пользователи!
Жаңалықтар 12.10.2022Настоящим сообщаем, что с 12 октября 2022 года на веб-портале при пересмотре итогов госзакупок по основаниям, предусмотренным действующим законодательством (уведомление камерального контроля, заключение апелляционной комиссии, решение суда, вступившее в законную силу) будут применяться актуальные показатели финансовой устойчивости согласно данным органов государственных доходов, в том числе скорректированные в рамках пункта 53 Правил осуществления государственных закупок.
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 11.10.2022
2022 жылғы 11 қазанда мемлекеттік
сатып алу веб-порталында спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар мен
қауымдастықтардың талаптары мен стандарттарына сәйкестікке келтіру қажеттілігіне байланысты ұлттық режимнен алып тасталған
олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық ойындарға және басқа да
халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін құрама командалардың
спортшыларына, жаттықтырушыларға арналған мамандандырылған спорттық жабдыққа
жататын тауарларды алып тастау бойынша пысықтау іске асырылды (1-қосымша).
Бұл ретте бұндай
ерекшелік 2-қосымшаға сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және
дене шынықтыру істері комитетіне ведомстволық бағынысты тапсырыс беруші-ұйымдар
үшін қолданылады.
Мамандандырылған
спорттық жабдықтарға жататын тауарлар мен спорттық
ұйымдардың
тізбесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұстанымын
ескере отырып, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі айқындады.
Осыған
байланысты, уәкілетті мемлекеттік органдар айқындаған тауарларды сатып алуға
арналған тізім бойынша спорт ұйымдары өткізетін мемлекеттік сатып алуларда
әлеуетті өнім берушілерде индустриялық сертификаттың және «СТ-KZ» тауарының
шығу тегі туралы сертификаттың болуын тексеру жүзеге асырылмайды.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 05.10.2022Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 26қыркүйектегі № 990 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 30қыркүйектегі№ 29921тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 04.10.2022
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 990 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 29921 тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 26.09.2022
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 955 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 29558 тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелері бекітілді.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен осында танысуға болады
Барлық тапсырыс берушілерге!
Жаңалықтар 26.09.2022
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі №95 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №1127 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне өзгерістер енгізілді.
Жоғарыда аталған өзгерістерді іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 27 қыркүйектен бастап веб-порталда функционалға тиісті пысықтау жүргізілді.
Бұл ретте, жоспардың тармақтарына белгіні дұрыс беру және Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуды одан әрі жариялау мақсатында тапсырыс берушілер «Өтінім», «Өтінім жобасы», «Лот жобасы», «Өтінім қабылданбады», «Өтінім кері қайтарылды» мәртебелері бар жоспар тармақтарын мынадай жолдармен «Бекітілген» мәртебесіне дейін кері қайтарып алуы қажет:
- «Өтінім» мәртебесі кезінде - жылдық жоспарда өтінімді кері қайтарып алу;
- «Өтінім жобасы» мәртебесінде - өтінім жобасын жою және жылдық жоспарда өтінімді кері қайтарып алу;
- «Лот жобасы» мәртебесінде - хабарландыру жобасын жою және жылдық жоспарда өтінімді кері қайтарып алу;
- «Өтінім қабылданбады» мәртебесінде - қабылданбаған өтінімде «Өңдеу» батырмасын басу және «Жоба» мәртебесінде пайда болған өтінімді жылдық жоспарда алып тастау, одан әрі кері қайтарып алу;
- «Өтінім кері қайтарылды» мәртебесі кезінде - кері қайтарып алынған өтінімде «Өңдеу» батырмасын басу және «Жоба» мәртебесінде пайда болған өтінімді жылдық жоспарда алып тастау, одан әрі кері қайтарып алу.
ТолығырақБарлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 23.09.2022
«Бір көзден сатып алудың форматты-логикалық бақылауы!!!
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (23.09.2022 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (23.09.2022 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 15.09.2022
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 919 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 29423 тіркелді) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыруқағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы No 1253 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларыменосында танысуға болады.
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 14.09.2022
28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша
14.09.2022 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.
Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.
Толығырақ