Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларындағы өзгерістер


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №225 бұйрығына сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР ҚМ 11.12.2015 ж. № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілді.

Қабылданған түзетулерді веб-порталда іске асыру үшін 2023 жылғы 22 наурыздан бастап әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларында тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуын есептеу және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар ретінде теріс мәндерді есептеу бөлігінде «Сатып алу» модулін пысықтау жүзеге асырылды.

Толық нұсқаулықпен «Анықтама – Пайдаланушы нұсқаулығы – Ұйымдастырушының нұсқаулығы –  Сатып алуды БК, БІАК тәсілімен ұйымдастыру және өткізу – Шартты жеңілдіктерді толтыру» бөлімінде танысуға болады.