№ шарт 990240005557/250442/00
Шарттың мәні: № 53992043,
Орындық ГОСТ 19917-2014 Техникалық сипаттама
Тауардың атауы: Мөлдір орындық (поликарбонаттан жасалған)
1. Мақсаты
Орындық тұрмыстық жағдайда және коммерциялық мақсатта (кеңселерде, конференц-залдарда, күту аймақтарында және т.б.) қолдануға арналған. Берік, суға төзімді және ұзақ мерзімді өнім.
2. Негізгі сипаттамалары
- Материалы: мөлдір поликарбонат (экологиялық таза және соққыға төзімді пластик).
- Қаңқасы: тұтас құйылған, дәнекерсіз, механикалық жүктемелерге төзімді.
- Түсі: мөлдір (түссіз).
- Құрылымы: монолитті, жинақтауға болады (орындықтар бірінің үстіне қойылады).
- Мақсаты: тұрмыстық және коммерциялық.
- Ерекшеліктері:
• суды сіңірмейді, түсін өзгертпейді, сарғаймайды;
• ультракүлгін сәулелерден қорғалған берік құрылым;
• еденді қорғау үшін арнайы ұштықтармен жабдықталған аяқтары;
• дақтарға және сызаттарға төзімді.
3. Өлшемдері (өндіруші нақтылайды)
- Орындықтың биіктігі: кемінде 900 мм;
- Орындықтың отыру биіктігі: кемінде 450 мм;
- Орындықтың ені: кемінде 420 мм;
- Орындықтың тереңдігі: кемінде 400 мм;
- Салмағы: 5 кг-нан артық емес.
4. Пайдалану сипаттамалары
- Пайдалану температурасының диапазоны: –10 °С-тан +40 °С-қа дейін;
- Су өткізбейді: 100 %;
- Ультракүлгін қорғаныс: күн сәулесінің әсерінен материал лайланбайды және сарғаймайды;
- Максималды жүктеме: кемінде 120 кг.
5. Стандарттарға сәйкестігі
- Поликарбонат ГОСТ 10667-90 «Пластмассалар. Поликарбонаттар. Техникалық шарттар» немесе баламалы халықаралық стандарт талаптарына сай болуы тиіс.
- Өнім Кеден одағының техникалық регламенті ТР ТС 025/2012 «Мебель өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» талаптарына сәйкес болуы тиіс.
6. Жеткізу шарттары
- Жеткізу жиналған немесе толық пайдалануға дайын күйінде жүзеге асырылады.
- Өнім тасымалдау кезінде зақымдануды болдырмайтын жеке қаптамада болуы тиіс.
- Өндірушінің кепілдігі: кемінде 12 ай.
Шарт бойынша саны : 350
Шарт бойынша сомасы : 9 016 000.00
Алдын ала төлеу: 0.00
Орындалған сома:
9 016 000.00
