Жаңалықтар
Құрметті мемлекеттік сатып веб-порталын пайдаланушылар!
Жаңалықтар 27.07.2017
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігін Сіздің назарыңызға жеткіземіз.
Ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 30.06.2017
Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ-да 2017 жылғы 30 маусымның сағат 21:00 бастап 2017 жылғы 30 маусымның сағат 22:45 дейін профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді алу өңделмейтінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, 2017 жылғы 30 маусымның сағат 20:30 бастап 2017 жылғы 30 маусымның сағат 23:30 дейінгі кезеңге түсетін «Ашық конкурс» және «Аукцион» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімдері, сондай-ақ ашу рәсімдері, қорытындыларын шығару 2017 жылғы 1 шілдеге сағат 10:00 ауыстырылған болатын.
Ауыстырылатын сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 29.06.2017«Шарт және келісу» қойындысында «Ішінара орындалды» мәртебесінде Тапсырыс беруші үшін «Ішінара орындауды кері қайтару» әрекеті қолжетімді. Әрекетті растағаннан кейін шарт «Қолданыста» мәртебесіне қайтарылады, жоспар тармақтары тиісінше «Шарт қолданыста» мәртебесіне қайтарылады. Әрекет пайдаланушылар шартты қате ішінара орындаған кезде пайдаланылады.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ПОРТАЛДЫҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ! ПОРТАЛДА «ШАРТТАР» МОДУЛІНІҢ ФУНКЦИОНАЛЫ МЫНАЛАРДЫҢ БӨЛІГІНДЕ ЖАҢАРТЫЛДЫ:
Жаңалықтар 13.06.2017
1. Қазынашылық органдарында шартты тіркеуді қамтамасыз ету үшін «Қазынашылықта тіркеумен» белгісін өзгертуге мүмкіндік беретін, «Қазынашылықта тіркелусіз» белгісін Тапсырыс беруші қате таңдаған кезде (бұл ретте шарттың екі тарабынан әрекетті растау талап етіледі) «Қолданыста» мәртебесінен; сондай-ақ «Жасалмады» мәртебесінен «Жоба» мәртебесіне шартты келісуді қайтару мүмкіндігі. Пайдаланушылардың барлық әрекеттері «Келісу» қойындысында бекітіледі.
2. Акті деректері бойынша нақты сомаларды автоматты бөлу. 2017 жылғы Шарттар бойынша төлемдерді қосу және қолмен бөлу қажеттілігі жоқ. Актіні бекіткеннен кейін нақты сомалар электрондық актілерде көрсетілген деректер бойынша нысандар, ерекшеліктер және жеткізу орындары бойынша автоматты бөлінеді.
3. Қаржы, телекоммуникациялық қызметтер және электрмен жабдықтау қызметтері үшін актілердің функционалдылығын жою. Белгілі қызмет бойынша актілерді жою үшін Тапсырыс беруші ТЖҚБНЖ коды бойынша қызметті актілерді қалыптастыруды жоюға арналған қызметтердің тізбесіне қосу үшін ҚР Қаржы министрлігінің ресми сауалына жіберуі қажет.
Егжей-тегжейлі сипаттаманы Тапсырыс беруші және Өнім беруші нұсқаулығынан қараңыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 02.06.2017
«Қамқор: Бизнес тірегі – Опора бизнеса» жобасын дамыту шеңберінде ұтқыр қосымша форматында және http://qamqor.gov.kz сайтында кәсіпкерлер үшін мемлекеттік органдардың тексерулерінің заңдылығын тексеру жөнінде ақпараттық сервис әзірленді.
Қосымша ақпаратты қарау үшін мынадай сілтеме бойынша өтіңіз.
Толығырақ«ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІН КӨРСЕТУ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕРГЕ!!!
Жаңалықтар 28.04.2017
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 3-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу табиғи монополия салаларына жататын көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетуді сатып алу немесе электр энергиясын кепілдендірген берушімен электр энергиясын сатып алу-сату жағдайында жүзеге асырылады деп белгіленген.
Тұтынушылармен (мемлекеттік мекемелермен) шарт жасасу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген үлгілік шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Электрмен жабдықтаудың үлгілік шартының шеңберінде өнім беруші электр энергиясын коммерциялық есепке алу құралдары көрсеткіштерінің немесе Шарт талаптарына сәйкес тұтынудың басқа есебінің негізінде есептік кезеңнен кейінгі айдың 7-күнінен кешіктірмей тұтынған электр энергиясының төлемін өтеу үшін тұтынушыға ай сайын төлем құжатын жазып береді деп көзделген.
Ал, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес төлем құжаты – осының негізінде тұтынушылар төлем жүргізетін құжат (төлем шоты, фактура шоты, хабарландыру, түбіртек) болып табылады.
Сонымен қатар, Азаматтық кодекстің 387-бабы 1-тармағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғамен жасалған және мұндай тұлға өз қызметiнiң сипатына қарай оған жүгінетін әркiмге қатысты жүзеге асырылуға тиіс тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметi, энергиямен жабдықтау, медицина, қонақүй қызметiн көрсету және т.б.) жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады деп белгіленгенін атап айтамыз.
Осылайша, егер қызметтерді есепке алу есепке алудың сертификатталған жүйелері (құралдар) арқылы жүргізілген жағдайда, энергиямен жабдықтау қызметтерімен байланысқан актілерді өнім берушілердің ұсынуы бөлігінде тапсырыс берушінің талабын жария шарт шеңберінде жою мүмкін деп есептейміз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 27.04.2017ҚР мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық мәселелері бойынша Байланыс орталығының консультациялық көмек көрсетуі 2017 жылғы 2 мамырдан бастап жұмыс күндері 09:00 сағаттан бастап 18:30 сағатқа дейін мынадай телефон бойынша: 8 (7172) 72 90 90, мынадай электрондық почта бойынша: support@ecc.kz және форум арқылы жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!
Жаңалықтар 27.04.2017
Мемлекеттік сатып алулар веб-порталының жеке кабинетінде және басты бетінде мемлекеттік сатып алулар қатысушыларының сот органдары сервистеріне қол жеткізуін жеңілдету мақсатында "Сот кабинеті" электрондық сервисіне ауысу, сондай-ақ iOS, Android және Winphone платформалары үшін "Мобильді Сот кабинеті" қосымшасын жүктеу мүмкіндігі іске асырылғанын хабарлаймыз.
Сервистің жұмысы туралы толығырақ ақпаратпен басты бетінде танысуға болады
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ӨНІМ БЕРУШІ!
Жаңалықтар 24.03.2017
Сізге «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 16-бабының 6) тармақшасының негізінде уәкілетті орган шешімдер қабылдаған кезде 2017 жылғы 15 наурыздан бастап «алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қарау» функционалы іске қосылғандығын хабарлаймыз.
Осыған байланысты сатып алуды ұйымдастырушы алдын ала рұқсат беру хаттамасын қайта қараған жағдайда Сізге алдын ала рұқсат берудің жаңа хаттамасында көрсетілген ескертулерді ескере отырып, конкурстық өтінімдерді қайтадан сәйкестікке келтіру қажет.
ТолығырақҚҰРМЕТТІ ТАПСЫРЫС БЕРУШІЛЕР!
Жаңалықтар 10.03.2017Мемлекеттік сатып алу жүйесінде пайдаланылатын Тауарлар, жұмыстар, қызметтер анықтамалығына жаңа кодтар енгізу жөнінде ұсыныстар жіберу бөлігінде enstru.kz сайтына қол жеткізе алатын тұлғалар тізімі сілтеме бойынша орналастырылған
Толығырақ