Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Барлық веб-портал пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  08.11.2022

EGZ Mobile қосымшасының «Менің жазылымдарым» бөліміндегі хабарландыру қызметі жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Уважаемые пользователи веб-портала!

Жаңалықтар  07.11.2022

7 ноября 2022 года на веб-портале государственных закупок реализована доработка функционала в части предоставления потенциальным поставщикам технической возможности по подтверждению правоспособности посредством добавления неидентичных кодов лицензий при наличии привязки к актуальным кодам, установленным организатором в государственных закупках способом конкурса с применением рейтингово-балльной системы.

Справочно: в Системе имеется проверка на соответствие кодов, добавляемых потенциальным поставщиком с кодами, требуемыми организатором.

Дополнительно сообщаем, что сведения о соответствии неидентичных и актуальных кодов лицензий Система будет получать посредством интеграции из информационной системы Государственная база данных «Е-лицензирование».

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  04.11.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 қазандағы № 1110 бұйрығымен сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз етуді және электрондық өнеркәсіп өнімдерін уақытша пайдалану жөніндегі ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілді:
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген);
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығымен бекітілген);
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 978 бұйрығымен бекітілген);
Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидалары(Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қашадағы № 1253 бұйрығымен бекітілген).
Бұйрықтың мәтініменосында танысуға болады.»

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  03.11.2022

2022 жылғы 3 қарашада мемлекеттік сатып алу веб-порталында егер әлеуетті өнім берушілер бұрын қорытындылар туралы хаттамаға шағымданбаған және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламамен келіспеген жағдайда, "Ашық конкурс", "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс", "Аукцион" тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілер ішкі мемлекеттік аудит саласындағы уәкілетті органның шешіміне шағым беру бөлігінде пысықтау іске асырылды.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  02.11.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы №1061 бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР ҚМ 11.12.2015 ж. №648 бұйрығымен бекітілген).

Веб-порталда қабылданған түзетулерді іске асыру үшін 2022 жылғы 2 қарашадан бастап функционалға мынадай пысықтаулар жүргізілді:

            1. Веб-порталда өткен жылдың алдындағы үш жыл кезеңіндегі камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары бойынша осы көрсеткіштерді негізсіз асыра бағалауға әкеп соғатын салық заңнамасын бұзушылықтар жойылғанға дейін Әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін көрсетпеу (сатып алуға қатысуға өтінімдерді бәсекелестік тәсілдермен беру және тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу мүмкінсіздігіне әкеп соғады);

2. Әлеуетті өнім берушілердің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді (авансты қамтамасыз етуді) өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық нысаны түрінде ұсыну мүмкіндігі;

3. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың үлгілік үлгілері жаңартылды;

4. Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты ұлттық режимнен алуға жататын тауарларды мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, осы сатып алуды өзге өнім берушілер арасында өткізу мүмкіндігі;

5. Астана қаласы уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап келесі жұмыс күніне талқылау хаттамасы жарияланғаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдауды жүзеге асыру;

6. Конкурстық құжаттаманың, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға 7 және 11-қосымшалардың үлгісі жаңартылды;

7. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды, объектілер құрылысы жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша жұмыстарды, техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер үшін қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін есептеу формулалары өзгертілді;

8. Мынадай бөлікте «Электрондық депозитарий» функционалын пысықтау:

өтінімдерді түзетуге жіберу,

өнім берушінің түзетуге жіберген өтінімдері бойынша келіспеушіліктерді жөнелту мүмкіндіктері,

Қазынашылық департаменттерінің қызметкерлерінің түзетуге арналған өтінімдерді және келіспеушілік өтінімдерін қарау;

өтінімдерді бұғаттауға жіберу;

«Әлеуетті өнім берушінің мәртебесі» жолында бас мердігер немесе қосалқы мердігер таңдалатын, «Тапсырыс беруші» жолында ММ тізілімінде жоқ ұйымның БСН таңдалатын (жүйе «расталған» мәртебесінде екі сұрау салудың болуын талап ететін) орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерді келісуге жіберу кезіндегі шарттардың өзгеруі.

 

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  01.11.2022

28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша

14.09.2022 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.

 

«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  22.10.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 1229 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 30991 тіркелді) Мемлекеттік сатып алынуы кезінде әлеуетті өнім берушілерге және өнім берушілерге қосымша талаптар белгіленуі мүмкін жекелеген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  22.10.2022

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 13қазандағы № 1061 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2022 жылғы
20қазандағы № 30253тіркелді) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларыменосында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  14.10.2022

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 990 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29921 болып тіркелген), 2022 жылғы 15 қазанда мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:

- «Сатып алулар» модулінде

1. негіздемелік келісімді пайдаланып, конкурстың бірінші кезеңі тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу мүмкіндігі іске асырылды. Ұйымдастырушының нұсқаулығында мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады. Толығырақ өнім берушінің нұсқаулығында мына сілтеме бойынша танысуға болады;

2. аукциондық құжаттаманың, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алу» тәсілімен конкурстық құжаттаманың шаблондары жаңартылды.

- «Шарттар» модулінде:

1. Тапсырыс берушіге шарттарда «Бір көзден тікелей шарт жасасу жолымен» қаржылық тұрақтылық талабын белгілеу мүмкіндігі іске асырылды. Тапсырыс берушінің нұсқаулығында толығырақ танысуға болады

2. шарттардың типтік үлгілері жаңартылды:

- Құрылыспен байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

- Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт

(техникалық-экономикалық негіздеме);

- Қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт. 

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  13.10.2022

2022 жылғы 13 қазанда Тапсырыс берушінің «Заңның 45-бабы 2-тармағы 10) тт. Төтенше жағдайдың не карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімін өзгерту бөлігінде шартты өзгерту» негізі бойынша қосымша келісімдер жасау мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау іске асырылды. Бұндай негіз «Шарттың мәндері» қойындысындағы мән бойынша жеткізу мерзімін редакциялауға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген негіз бойынша қосымша келісім жасау үшін «Қосымша келісімдер» қойындысында қажетті мәні бар жолда осы негізді таңдап, содан кейін «Қосымша келісім жасау» батырмасын басу керек.

Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шартты өзгертуге ағымдағы қаржы жылы шегінде жол берілетініне назарыңызды аударамыз.


Толығырақ