Жаңалықтар
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 09.10.2023
Всем Заказчикам!
Жаңалықтар 05.10.2023
Всем пользователям веб-портала!
Жаңалықтар 04.10.2023
2023 жылғы 4 қазанда тауар өкімдік құжаттарды (талондар/отын карталары) бензинге немесе дизель отынына қабылдау-беру актілерін (талондар / отын карталары) жасау және келісу мүмкіндігі бөлігінде "шарттар" модулін пысықтау іске асырылғанын хабарлаймыз.
Жеткізушінің нұсқаулығы сілтеме бойынша орналастырылған, тапсырыс берушінің нұсқаулығы келесі сілтеме бойынша орналастырылған.
Бензин мен отынға қатысты КТР тізбесімен сілтеме бойынша танысуға болады.
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 26.09.2023
28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша
26.09.2023 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.
Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 19.09.2023
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (15.09.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден (15.09.2023 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 07.09.2023
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Ашық конкурс» тәсілімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуда «Инжинирингтік қызмет» белгісін қою тапсырыс беруші жоспарлау тармағын құру кезеңіне ауыстырылғанын хабарлаймыз (жұмыстарды мемлекеттік сатып алуда белгілерді қою тәртібімен ұқсас).
Осыған байланысты, тиісті мемлекеттік сатып алуларда бұл белгіні жоспарлау тармақтарын құру кезінде тапсырыс берушілердің өздері қоюы қажет.
Ал 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін расталған сатып алу өтінімдері/сатып алу жобалары бойынша бұл белгі ұйымдастырушы тарапынан қойылады.
ТолығырақВеб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 06.09.2023
28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша
06.09.2023 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.
Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 04.09.2023
2023 жылғы 4 қыркүйекте мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау мен техникалық зерттеу жүргізетін заңды тұлғаларды аккредиттеу» (EL4-R19_MIR1-V1) рұқсатын Ұйымдастырушы таңдаған кезде қосымша мәннің көрсетілуіне қатысты жетілдіру іске асырылғанын хабарлаймыз.
Осылайша, көрсетілген рұқсат таңдалған жағдайда, сатып алу пәнінің түріне сәйкес біліктілік талаптарында келесі мән көрсетіледі:
егер сатып алу пәнінің түрі «Қызмет» болса
– «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалау жүргізетін заңды тұлғаларды аккредиттеу»;
егер сатып алу пәнінің түрі «Жұмыс» болса
– «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық зерттеу жүргізетін заңды тұлғаларды аккредиттеу».
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 01.09.2023
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап құрылыс-монтаж жұмыстары мен жобалық-сметалық (типтік жобалық-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жұмыстары рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатынын хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 849 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 тамызда № 33288 болып тіркелген).
Осыған байланысты, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап жарияланған мемлекеттік сатып алуларда веб-порталда келесі талаптар қолданылады:
«Құрылыс-монтаж жұмыстары» және «Жобалау жұмыстары» («ЖСҚ әзірлеу жұмыстары») белгісі бар сатып алулар үшін тек «Рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып конкурс» тәсілі қолжетімді болады;
Құрылыс және жобалау саласындағы ЕНС ТРУ кодтарының тізбесі бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісілген тізім негізінде аталған жұмыс түрлері белгілерінің және сатып алу тәсілінің дұрыс таңдалуына форматтық-логикалық бақылау орнатылған (КТРУ тізімімен «Рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып конкурс» тәсілі үшін мына жерде танысуға болады).
Всем пользователям веб-портала!
Жаңалықтар 30.08.2023
2023 жылғы 30 тамызда мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай пысықтаулар іске асырылғанын хабарлаймыз:
1. «Шарттар» модуліндегі үлгілік шарттардың шаблондары жаңартылды, тауарды (ларды) қабылдау-тапсыру актісінің шаблоны жаңартылды;
2. «Сатып алу» модуліндегі «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Аукцион» тәсілімен сатып алуға қатысу туралы өтінімде «Әлеуетті өнім берушінің бенефициарлық иеленуі туралы ақпарат» деген құжат қосылды. Толығырақ Өнім берушінің нұсқаулығында танысуға болады.
3. «Шарттар» модулінде Жүйе Өнім берушінің өз міндеттемелерін орындамауына байланысты шарт бұзылған жағдайда авансты қамтамасыз етуді ұстап қалатын болады. Ұстап қалу орын алатын шартты біржақты бұзудың негіздері Өнім берушінің нұсқаулығында сипатталған.
