Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Уважаемые потенциальные поставщики!

Жаңалықтар  20.10.2025

В целях исключения случаев, ранее возникавших на веб-портале государственных закупок при шифровании ценовых предложений, таких как несвоевременное формирование протоколов об итогах, необходимо обновить криптосокет до последней версии.
Просим вас установить актуальную версию криптосокета, который можно скачать

для windows по ссылке,

для MAC по ссылке

Использование устаревших версий может привести к некорректной подаче ценовых предложений и невозможности их дальнейшей расшифровки.
В связи с чем с 20 октября 2025 года система будет блокировать подачу ценовых предложений в случае необновленной версии криптосокета.
Благодарим вас за понимание и своевременное обновление программного обеспечения.

Толығырақ

Құрметті әлеуетті өнім берушілер!

Жаңалықтар  10.10.2025

Бірыңғай оператор Электрондық дүкеннің деректерін біріктіруін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңдарына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізгенін хабарлаймыз. Аталған өзгерістер «Электрондық қаржы орталығы» АҚ Басқармасының 2025 жылғы 8 қазандағы № 33 хаттамасымен бекітілген.

Келесі сілтеме бойынша құжаттың өзекті нұсқасымен танысуды сұраймыз.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  13.06.2025

2025 жылғы 13 маусымнан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың электрондық шарттарына қосымша келісімдер жасау мүмкіндігін берілгені хабарлаймыз. Егер бұрын өнім беруші "электрондық сақтандыру шарты" түрімен қамтамасыз етуді және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың сомасын көбейту/азайту жөніндегі қосымша келісімді енгізген жағдайда, жүйе сақтандыру шартына қосымша келісім жасауға мүмкіндік береді. Толығырақ
сілтеме
бойынша нұсқаулықпен танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  28.05.2025

ҚР ағарту Министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №93 Бұйрығымен тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз, осыған сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:
- азық-түлік сатып алуда әлеуетті өнім берушілердің шағымдарын беру сатып алу қорытындылары туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
- шағымдарды қарауды сатып алуды ұйымдастырушы екі жұмыс күні ішінде жүргізеді. 
Пысықтау 2025 жылғы 28 мамыр сағат 10:28-ден кейін жарияланған сатып алу қорытындылар туралы хаттамаға қолданылады. 

Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!

Жаңалықтар  26.05.2025

Хабарлаймыз, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталының техникалық қолдау байланыс орталығы 9:00-ден 21:00-ге дейін 7 күндік жұмыс тәртібіне көшеді.

Толығырақ

Құрметті пайдаланушылар!

Жаңалықтар  05.01.2025

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты (2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ), 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап веб-порталда төмендегідей модификациялар жүргізілгенін хабарлаймыз.

1. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлер үшін шартты жеңілдіктер ұлғайды, яғни «Аумақтық белгі» түрі бойынша 2%-ға дейін және «Теріс мәндер» түрі бойынша 0,2%-ға дейін ұлғайды.

2. Ұйымда тіркелген қызметкерлердің ЭЦҚ кілттері арқылы еңбек ресурстарын растауы.

3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда өтінімді қамтамасыз ету мөлшері 3%-ға дейін және шартты қамтамасыз ету 5%-ға дейін ұлғайтылды.

4. Бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алудың шектері өзгертілді.

5. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуда:

- өнімнің электрондық каталогын пайдалану (каталог тек электронды дүкен арқылы тәсілінде қолданылады);

- веб-порталда шартта және тапсырыстарда қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және көрсету;

- қаржы жылы ішінде біртекті тауарлар бойынша жылдық көлемді бөлшектеуге тыйым салынды.

6. Заңның 7-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде шектеулер белгіленді, оның ішінде:

- өнім берушілер мен тапсырыс берушілер арасында үлестестіктің болуына;

- екі және одан да көп жеке кәсіпкерден өтінімдер келіп түскен жағдайда мемлекет қатысатын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамауға;

- жалақы төлеу бойынша берешектің бар-жоғына шектеу белгіленді;

- Борышкерлердің бірыңғай тізілімін тексеру шарттары өзгертілді (жүйе ББТ-да өнім берушіні, құрылтайшыны және олармен үлестес тұлғаларды тексереді: қатысу туралы өтінім құру кезінде, қосалқы мердігерді қосу кезінде, консорциум мүшесін қосу кезінде).

7. Мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі қысқартылды:

- алдын ала талқылау – 2 жұмыс күні;

- өтінімдерді қабылдау – 5 жұмыс күні, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурста – 3 жұмыс күні;

- өтінімдерді қарау және қорытындылар туралы хаттаманы қалыптастыру – 3 жұмыс күні;

- қорытындыларға шағым жасау – 3 жұмыс күні;

- қорытындыларға жасалған шағымдарды қарау – 3 жұмыс күні;

- тапсырыс берушінің жеңімпазға шарт жобасын жолдауы – 3 жұмыс күні.

8. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуларда:

- есепті қалыптастыру мерзімі 5 жұмыс күніне қысқартылды;

- есеп нысаны өзгертілді;

- шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап алынып тасталды;

- бір дереккөздің негіздері жаңартылды;

- Қаржы министрлігі қалыптастыратын бір көзден тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің тізімі өзектендірілді.

9. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуларда:

- конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді қарау кезінде оларды қабылдамау себептері жаңартылды;

- ұйымдастырушыларға ұлттық режимнен және бағдарламалық қамтамасыз ету тауарларынан және электрондық өнеркәсіп өнімдерінен алынып тасталған тауарларды жүзеге асыру кезінде ТЖҚ БНА кодын көрсетуге мүмкіндік берілді;

10. Төмендегілер үшін:

- қосымша келісім жасау үшін;

- шартты біржақты бұзу үшін негіздер жаңартылды.

11. Өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстардың шекті көлемі жұмыстардың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын мөлшерде белгіленді.

12. Жұмыс тәжірибесінің тізілімі қалыптастырылды, жұмыс тәжірибесін растау және оны қарау үшін өтінімдер беру тәртібі айқындалды.

13. Конкурстағы демпингтік бағалар айқындалды:

- құрылыс-монтаждау жұмыстары сатып алу сомасының 2%;

- автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары сатып алу сомасының 5%;

– тауар, жұмыстар, қызметтер, техникалық қадағалау қызметтері, пациенттерді тамақпен қамтамасыз ету сатып алу сомасының 10%;

– ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу жұмыстары сатып алу сомасының 20%.

 

14. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша шарттар өзгертілді.

15. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шарты тек электрондық форматта қалыптастырылады.

16.  Төмендегілер:

- электрондық банктік кепілдік үлгілері;

- өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу негіздері;

- мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың үлгілік шаблондары жаңартылды.

17.  Жаңа белгілер толықтырылды:

қызметтер үшін:

- Автомобиль жолдарын орташа жөндеуді техникалық қадағалау қызметтері (ашық конкурс);

- Сақтандыру қызметтері (ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден);

- Пациенттерді тамақпен қамтамасыз ету (ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден);

жұмыс үшін:

- Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу жұмыстары (ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден).

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  05.01.2025

«Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 658 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік сатып алу веб-порталында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай өзгерістер жүзеге асырылғанын хабарлаймыз:

- камералдық бақылаудың үшінші және төртінші бағыты алынып тасталды;

- камералдық бақылау тәуекелдері бейіндерінің тізбесі жаңартылды;

- бірінші бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу мерзімдері екі жұмыс күніне дейін қысқартылды;

- «Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден» сатып алу тәсілі бойынша камералдық бақылау жүргізу мерзімдері үш жұмыс күніне дейін қысқартылды;

- қосымшалардың үлгілері жаңартылды;

- «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу конкурсы», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу конкурсы» сатып алу тәсілдері бойынша шағым беру мүмкіндігі алынып тасталды.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  03.01.2025

Әлеуетті өнім берушілердің шағымдары 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 19-тарауына сәйкес қаралады:

- әлеуетті өнім берушілердің шағымдары сатып алу қорытындылары туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі;

- шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушы қарайды.

Толығырақ сілтеме бойынша бейне нұсқаулықпен танысуға болады.

Толығырақ

Құрметті өнім берушілер!

Жаңалықтар  28.02.2025

Мемлекеттік сатып алу саласындағы тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 46 және 49-тармақтарына сәйкес (Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген), Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізіліміндегі қайта растау (2024 жылғы 20 қазаннан 2025 жылғы 28 ақпанға дейінгі кезеңде қосымша мәліметтер мен құжаттар енгізілмеген) рәсімінен өтпеген «Расталды» статусындағы жұмыс тәжірибесі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап «Белсенді емес» статусына ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.

Осыған байланысты, өтінімдерді қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың ақпан айында басталып, наурыз айында аяқталатын сатып алуларда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесі бойынша (Қағидалардың 46 және 49-тармақтарына сәйкес барлық құжаттары мен мәліметтері бар «Расталды» статусындағы) өзекті мәліметтерді қолдану мақсатында, әлеуетті өнім берушілер ағымдағы жылдың ақпан айында берілген өтінімдерді кері қайтарып алуы (себебі 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мұндай тәжірибе «Белсенді емес» деген статусқа ауысады) және өзекті тәжірибемен («Расталды»  статусы бар) конкурсқа қатысу туралы өтінімді қайта жіберуі қажет.

Толығырақ

Барлық әлеуетті өнім берушілерге!

Жаңалықтар  18.02.2025

Мемлекеттік сатып алу веб-порталында ағымдағы қаржы жылының сомасын ескере отырып, көпжылдық шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрін қағаз сақтандыру шартынан электрондық сақтандыру шартына ауыстыру мүмкіндігін беру бөлігінде «Шарттар» модуліне 2025 жылғы 18 ақпаннан бастап пысықтау жүргізілгенін хабарлаймыз.

Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша бұрын «Жоба» статусындағы электрондық сақтандыру шарты жасалған болса, онда «Қарау» батырмасы арқылы шарттың осы жобасын жойып, жаңа шарт қалыптастыру қажет.

Толығырақ