Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Жаңалықтар


Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  20.06.2024

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 маусымдағы
№ 366 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 18.06.2024ж. № 34513 тіркелді) Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің
2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығымен бекітілген) түзетулер енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, осында танысуға болады

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  20.06.2024

Құрметті пайдаланушылар!

2024 жылғы 20 маусымда Парламент Сенаты «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды мақұлдады.
Заң Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде (2022 жылғы 1 қыркүйектегі) тапсырмаларын орындау үшін әзірленді.
Заңның негізгі новеллалары:
- сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
- сатып алу процесін жеңілдету және қысқарту;
- рәсімдерді одан әрі автоматтандыру және бағалық емес өлшемшарттарды дамыту;
- мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейту;
- сатып алу бойынша Бірыңғай платформа құру.
- жаңа шағымдану тетігі.
Заң қолданыстағы сатып алу жүйесін жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерге қол жеткізуге бағытталған.
Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Заңның мәтіні ресми жарияланғаннан кейін орналастырылады.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  14.06.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (12.06.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (12.06.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  12.06.2024

12.06.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  10.06.2024

10.06.2024 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.
«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  06.06.2024

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығымен бекітілген) 43-тармағын орындау шеңберінде Бірыңғай сатып алу платформасы (https://zakup.gov.kz) құрылды.

Бірыңғай сатып алу платформасы – мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі, ол мемлекеттiк сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынады.

Сатып алудың бірыңғай платформасын іске қосу мемлекеттік сатып алуға, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларына және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компанияларының сатып алуларына қатысу үшін бірыңғай қолжетімділік нүктесін қамтамасыз етеді (goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, eep.mitwork.kz).  

Барлық пайдаланушыларға 2024 жылғы 10 маусымнан бастап Бірыңғай сатып алу платформасында үш тәсілмен тіркелу мүмкіндігі беріледі:

- ҚР ҰКО ЭЦҚ арқылы;

- QR-код технологияларын қолдану арқылы;

- «Гамма Технологии» ЖШС-ның ЭЦҚ арқылы.

Бұл ретте, ағымдағы жылдың соңына дейін пайдаланушылардың қолданыстағы сатып алу алаңдары арқылы авторизациялау және тіркеу құқығы сақталатынын атап өтеміз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  31.05.2024

Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (24.05.2024 ж. жағдай бойынша)  танысуға болады.

Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен 
осы жерден (24.05.2024 ж. жағдай бойынша) танысуға болады.

Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен "Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі" РММ жүгіну қажет.

Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің  тізбесі толықтырылатын болады».

Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  30.05.2024

Хабарлаймыз, 2024 жылғы 24 мамырдан бастап «Рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып конкурс» (түрі – «Бірінші») тәсілімен жүзеге асырылған және уақытша тоқтатылған мемлекеттік сатып алулар бойынша қорытынды хаттамаларды қалыптастыру кезеңі қайта іске қосылды.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі №218 бұйрығымен (2024 жылғы 17 сәуірде ҚР Әділет министрлігінде №34262 болып тіркелген) көзделген түзетулер шеңберінде, рейтингтік-балдық жүйені қолдана отырып конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуларда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін теріс мәндерді есептеу келесі тәртіпте жүргізіледі:


2024 жылғы 29 сәуірге дейін жарияланған сатып алулар бойынша – ағымдағы жылы жасалған әрбір шарт үшін веб-портал жүйесі автоматты түрде 0,1% шегереді;


2024 жылғы 29 сәуірден бастап жарияланған сатып алулар бойынша – өнім беруші жеңімпаз деп танылған қорытынды хаттамадағы әрбір лот үшін веб-портал жүйесі автоматты түрде 0,1% шегереді.


Толық нұсқаулықпен сілтеме арқылы танысуға болады.

Толығырақ

Құрметті мемлекеттік сатып алу веб-порталының пайдаланушылары!

Жаңалықтар  30.05.2024

Ерекше тәртіпті қолдана отырып, сатып алудың барлық тапсырыс берушілері мен ұйымдастырушыларына!

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы №168 бұйрығына сәйкес, (Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 686 бұйрығымен бекітілген) Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) өзгерістер енгізілді.

Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін (2024 жылғы 14 сәуірден бастап) күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Мәселен, Қағидалардың 16-1-тармағына сәйкес, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1178 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық режимнен алып қою белгіленген тауарларды сатып алу бойынша конкурс тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар арасында жүзеге асырылады.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.

Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында жүзеге асырылған сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өзге де әлеуетті өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.

Аталған әдістің ерекшелігін ескере отырып, тапсырыс берушілер мен ұйымдастырушылар ұлттық режимнен алып тастау белгіленген тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша ерекше тәртіпті қолдана отырып, сатып алуды жүргізу кезінде тиісті ақпараттық жүйелерде әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді өз бетінше тексеру арқылы жоғарыда көрсетілген талаптарды басшылыққа алуы қажет.


Толығырақ

Уважаемые пользователи!

Жаңалықтар  24.05.2024

Сообщаем, что на веб-портале государственных закупок по объявлениям, опубликованным с 29 апреля 2024 года способом «Конкурс с применением рейтингово-балльной системы» (тип - «первая») приостановлен этап формирования протокола об итогах (окончание приема заявок) до завершения работ по дополнительной доработке функционала веб-портала в рамках приказа Министра финансов Республики Казахстан от 17 апреля 2024 года №218 (зарегистрирован в МЮ РК 17.04.2024г. № 34262).

          Приносим свои извинения за временные неудобства.

Толығырақ