Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
2025 жылғы 5 қарашада электрондық дүкен
арқылы мемлекеттік сатып алу өткізу үшін OTP.kz жаңа электрондық сауда алаңы іске қосылғанын
хабарлаймыз.
OTP.kz электрондық сауда алаңы (меншік иесі
«KZ Trade Market» ЖШС) 2025 жылғы 29 қазанда электрондық дүкеннің деректерді
агрегациялауын қамтамасыз етуі үшін электрондық сауда алаңдарына қойылатын
талаптарға сәйкестігіне сынақтан сәтті өтті.
OTP.kz - тіркеу кезінде индустриялық
сертификат арқылы өз статусын растай алатын отандық тауар өндірушілерге бағдарланған сауда алаңы.
Алаңға https://otp.kz сілтемесі арқылы өтуге
болады.
Сондай-ақ, Google Play және App Store-да
мобильді қосымшаларды жүктеп алуға болады (жүктеуге арналған сілтемелер
сайтта да бар).
