Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті пайдаланушылар!


2025 жылғы 13 ақпанда электрондық дүкен арқылы әдісімен өткізілетін мемлекеттік сатып алуларда отандық тауар өндірушілерді қолдауға  және тапсырыс берушілердің тауарлардың келесі санаттары үшін ұлттық режимнен алу тетігін айналып өту фактілерін болдырмауға бағытталған өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
- Антисептик құралдары;
- Антисептикалық  сабын;
- Дезинфекциялық
майлықтар;
-
Аппараттық дезинфекцияға арналған құралдар;
-
Суды зарарсыздандыруға арналған құралдар;
-
Үстіңгі беттерді өңдеуге арналған құралдар;
-
Сантехниканы тазартуға арналған құралдар.

Бұл пысықтау Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің келісімі бойынша «Атамекен» ҰКП ұсынған отандық өндірушіде тауарлардың аналогтары бар тауарлардың жоғарыда көрсетілген санаттары бойынша жүргізілді (тауарлар карточкаларында аналогтың бар екендігі туралы белгі пайда болады).

Осылайша, ұлттық режимнен алу тізбесіне енгізілмеген тауарлар бойынша «Бірінші» үлгісіндегі тапсырысты орналастыру кезінде, егер осы тауар бойынша қазақстанда өндірілетін аналогтары болған жағдайда, тапсырыс берушілер отандық өндірушінің тауарын таңдай алады.

Бұл ретте, қайталама тапсырыстарды жариялауды тапсырыс берушілер өнім берушілердің барлық санаттары арасында жалпы негіздерде жүзеге асыратын болады.