Веб-порталда әлеуетті
өнім беруші - заңды тұлғаның еңбек ресурстарының бар екені 2025 жылғы 1
қаңтардан бастап біліктілік туралы мәліметтерді толтыру және өнім берушінің осы
ұйымында тіркелген қызметкерлерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қою
арқылы расталатынын хабарлаймыз (қызметкерлерде заңды тұлғаның ЭЦҚ болуы тиіс).
Егер әлеуетті өнім беруші жеке
кәсіпкер болып табылса, онда біліктілік туралы мәліметтерді толтыру және
веб-порталда тіркелген жеке тұлғалардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол
қою арқылы еңбек ресурстарының бар екені расталады.
Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша нұсқаулықта келтірілген.