Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті пайдаланушылар!


«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның қолданысқа енгізілуіне байланысты (2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ), 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап веб-порталда төмендегідей модификациялар жүргізілгенін хабарлаймыз.

1. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлер үшін шартты жеңілдіктер ұлғайды, яғни «Аумақтық белгі» түрі бойынша 2%-ға дейін және «Теріс мәндер» түрі бойынша 0,2%-ға дейін ұлғайды.

2. Ұйымда тіркелген қызметкерлердің ЭЦҚ кілттері арқылы еңбек ресурстарын растауы.

3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуда өтінімді қамтамасыз ету мөлшері 3%-ға дейін және шартты қамтамасыз ету 5%-ға дейін ұлғайтылды.

4. Бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алудың шектері өзгертілді.

5. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуда:

- өнімнің электрондық каталогын пайдалану (каталог тек электронды дүкен арқылы тәсілінде қолданылады);

- веб-порталда шартта және тапсырыстарда қорытындылар хаттамасын қалыптастыру және көрсету;

- қаржы жылы ішінде біртекті тауарлар бойынша жылдық көлемді бөлшектеуге тыйым салынды.

6. Заңның 7-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде шектеулер белгіленді, оның ішінде:

- өнім берушілер мен тапсырыс берушілер арасында үлестестіктің болуына;

- екі және одан да көп жеке кәсіпкерден өтінімдер келіп түскен жағдайда мемлекет қатысатын әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамауға;

- жалақы төлеу бойынша берешектің бар-жоғына шектеу белгіленді;

- Борышкерлердің бірыңғай тізілімін тексеру шарттары өзгертілді (жүйе ББТ-да өнім берушіні, құрылтайшыны және олармен үлестес тұлғаларды тексереді: қатысу туралы өтінім құру кезінде, қосалқы мердігерді қосу кезінде, консорциум мүшесін қосу кезінде).

7. Мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі қысқартылды:

- алдын ала талқылау – 2 жұмыс күні;

- өтінімдерді қабылдау – 5 жұмыс күні, рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурста – 3 жұмыс күні;

- өтінімдерді қарау және қорытындылар туралы хаттаманы қалыптастыру – 3 жұмыс күні;

- қорытындыларға шағым жасау – 3 жұмыс күні;

- қорытындыларға жасалған шағымдарды қарау – 3 жұмыс күні;

- тапсырыс берушінің жеңімпазға шарт жобасын жолдауы – 3 жұмыс күні.

8. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуларда:

- есепті қалыптастыру мерзімі 5 жұмыс күніне қысқартылды;

- есеп нысаны өзгертілді;

- шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап алынып тасталды;

- бір дереккөздің негіздері жаңартылды;

- Қаржы министрлігі қалыптастыратын бір көзден тапсырыс берушілер мен өнім берушілердің тізімі өзектендірілді.

9. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуларда:

- конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді қарау кезінде оларды қабылдамау себептері жаңартылды;

- ұйымдастырушыларға ұлттық режимнен және бағдарламалық қамтамасыз ету тауарларынан және электрондық өнеркәсіп өнімдерінен алынып тасталған тауарларды жүзеге асыру кезінде ТЖҚ БНА кодын көрсетуге мүмкіндік берілді;

10. Төмендегілер үшін:

- қосымша келісім жасау үшін;

- шартты біржақты бұзу үшін негіздер жаңартылды.

11. Өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстардың шекті көлемі жұмыстардың жалпы көлемінің 30%-нан аспайтын мөлшерде белгіленді.

12. Жұмыс тәжірибесінің тізілімі қалыптастырылды, жұмыс тәжірибесін растау және оны қарау үшін өтінімдер беру тәртібі айқындалды.

13. Конкурстағы демпингтік бағалар айқындалды:

- құрылыс-монтаждау жұмыстары сатып алу сомасының 2%;

- автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары сатып алу сомасының 5%;

– тауар, жұмыстар, қызметтер, техникалық қадағалау қызметтері, пациенттерді тамақпен қамтамасыз ету сатып алу сомасының 10%;

– ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу жұмыстары сатып алу сомасының 20%.

 

14. Өткізілмеген мемлекеттік сатып алулар бойынша шарттар өзгертілді.

15. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шарты тек электрондық форматта қалыптастырылады.

16.  Төмендегілер:

- электрондық банктік кепілдік үлгілері;

- өнім берушілерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу негіздері;

- мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың үлгілік шаблондары жаңартылды.

17.  Жаңа белгілер толықтырылды:

қызметтер үшін:

- Автомобиль жолдарын орташа жөндеуді техникалық қадағалау қызметтері (ашық конкурс);

- Сақтандыру қызметтері (ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден);

- Пациенттерді тамақпен қамтамасыз ету (ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден);

жұмыс үшін:

- Ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеу жұмыстары (ашық конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден).