Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.
Барлық әлеуетті жеткізушілер!
2024 жылғы 1 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 3-тармақшасын іске асыру мақсатында Электрондық дүкеннің деректерді біріктіруін қамтамасыз ету үшін электрондық сауда алаңдарына қойылатын талаптар бірыңғай оператор мен мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен әзірленді, келісілді, сондай-ақ "Электрондық қаржы орталығы" АҚ Басқармасының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 47 хаттамасында айқындалды. Талаптармен сілтеме бойынша танысуға болады.
Анықтама: 35) электрондық дүкен – уәкілетті органмен келісім бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін электрондық сауда алаңдарында орналастырылған деректердің агрегациясын қамтамасыз ететін веб-порталдың кіші жүйесі.
Әлеуетті сауда алаңдарын әзірлеушілерге арналған API қызметтері бойынша құжаттамамен сілтеме бойынша танысуға болады. Бұл құжаттама қызметтердің жетілдірілуіне қарай жаңартылуы мүмкін. Өзекті құжаттаманы алу үшін бірыңғай оператордың атына info@ecc.kz сұрау салу қажет.