Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Құрметті пайдаланушылар!


2024 жылғы 27 маусымдағы Қаржы министрлігінің №399 бұйрығын іске асыру аясында, 2024 жылғы 12 шілдеден бастап веб-порталда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тендер тәсілімен өткізілетін сатып алуларында «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заемдық қаражат есебінен қаржыландырылатын» сатып алу белгісі енгізілді.

Аталған белгі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заемдық қаражат есебінен қаржыландырылатын автомобиль жолдарын құрылыс, реконструкция, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау жобалары бойынша жұмыстар мен қызметтерді сатып алғанда қолданылады.

Осы белгісі бар сатып алуларда:

  • тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау рәсімі алынып тасталды;

  • өтінімдерді қабылдау мерзімі кемінде 5 күн;

  • өтінімдерді қарау мерзімі – 5 жұмыс күні;

  • өтінімдерді толықтыруға арналған мерзім – 1 жұмыс күні.