Құрметті тапсырыс берушілер!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 19 маусымдағы №150 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 маусымда №34523 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 17 ақпандағы №38 «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры қаражатын бөлу, пайдалану, мониторинг жүргізу және есептілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Қабылданған өзгерістер аясында, Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілері бойынша өзге де көздерден қаржыландыруға жол берілмейтіні көзделген, бұрын бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылып, қазынашылық органдарында тіркелген объектілерді қоспағанда.
Аталған бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң (2024 жылғы 5 шілдеден бастап) қолданысқа енгізіледі.
Жоғарыда көрсетілген бұйрықты іске асыру мақсатында, веб-порталда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың құрылыс басқармалары (тізімге сәйкес) атынан тапсырыс берушілерге бұрын тіркелген мемлекеттік сатып алу шартына қаржыландыру көзі «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» деп көрсетілген жағдайларда оны «Бюджеттік қаражатқа» ауыстыру үшін қосымша келісім жасау мүмкіндігі іске асырылды.
Тапсырыс берушілер қосымша келісім жасамас бұрын, веб-порталда төлемдер сомасын және актілер сомасын дұрыс бөлуі қажет екенін ескертеміз.
Толық нұсқаулық сілтеме бойынша орналастырылған — мұнда.