Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 168 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (ҚР ҚМ 11.12.2015ж. № 648 бұйрығымен бекітілген), Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру (ҚР ҚМ 30.11.2021ж. № 1253 бұйрығымен бекітілген), Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру (ҚР ҚМ 20.06.2023ж. № 686 бұйрығымен бекітілген) қағидаларына түзетулер енгізілді.

Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады.