Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 63988

Хабарлама тақырыбы
Запрос о разъяснении

Хабарлама типі
КҚ түсіндіру бойынша сұрау

Жеткізуші
КАНАЕВА ЖАДРА ТАСТАНБЕККЫЗЫ

Жеткізуші өкілі
КАНАЕВА ЖАДРА ТАСТАНБЕККЫЗЫ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2018-05-08 17:27:26

Хабарлама мәтіні
1.Конкурстық құжаттаманың соңғы абзацында: "Төлемдерді төлеу шарты; мақұлданған субсидия сомасына пайыздық қатынаспен, тиісті қаржы жылына арналған субсидиялауға көзделген қаражат шеңберінде, көрсетілген қызметтер Актісінің негізінде Жеткізушінің есеп шотына аударылады",- деп көрсетілген. Сұрақ: Сонда Мақұлданған субсидия сумасына қандай пайыздық (қанша пайызы төленеді?) қатынаспен есептеліп, төленетінін нақтылап көрсетуді, түсіндіруді сұраймыз.
2.Инвестордың объектісін қарап тексеру үшін жұмыс органы, басқа ұйымдар мамандарының шығуын ұйымдастырады делінген. Ұйымдастырғанда көлікпен қамтамасыз ету керек па?! Нақты қандай автокөлік түрі қажет? Нақты қанша уақыт және шақырым жол жүру керек? Ол көлік әлеуетті өнім берушінің балансында болуы керек па, әлде, көлікті жалға алуға бола ма?
3, Конкурстық құжатта, орыс тіліндегі техникалық сипаттамада: - организовывает выезд (при необходимости) специалистов ГУ "Управление сельского хозяйства Западно-Казахстанкой области" (далее Рабочий орган), для осмотра объекта инвестора" деп көрсетілген. Ал, қазақ тіліндегі техникалық сипаттамада: инвестордың объектісін қарап тексеру үшін "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы " ММ мамандарының шығуын ұйымдастырады деп көрсетілген. Қайсысы дұрыс?!


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2018-05-16 16:51:55

Автор
КЕНЖЕГАЛИЕВА БИБИГУЛЬ ТУЛЕГЕНОВНА

Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Түсіндірме мәтін
1) Аталған бағдарлама бойынша оператор қызметінің ақысын қоса алғанда 2018 жылға 2 847 018 мың теңге қарастырылды. Соның ішінде оператор қызметіне бөлінген қаржының 14 235 мың теңгесі немесе 0,5% шамамен қарастырылған. Алайда, ақырғы пайыздық қатынас өткізіліп жатырылған конкурс нәтижесімен анықталатын болады (көрсетілетін операторлық қызметке ұсынылатын төменгі бағамен).
2) Инвесторлардан объектілердің міндетті түрде қаралуын талап ететін субсидиялауға өтініштер түсуі мүмкін. Түскен өтініштерге сәйкес, оператор жұмыс органы, басқа да ұйымдар мамандарының шығуын (қажет болса) ұйымдастырады. Автокөліктің маркасы не түрі маңызды емес, сонымен қатар бағдарлама операторының меншігінде болуы да міндетті емес, оператордың автокөлікті жалға алуына да болады. Ал қанша уақыт не қанша шақырым жол жүретіні қаралып, тексерілуге жататын объектінің орналасқан жеріне байланысты (облыс аудандары немесе шалғай ауылдық жерлер болуы мүмкін).