Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 193635

Тема сообщения
мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз талаптар

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Real Stroy Invest"

Представитель поставщика
АКЖИГИТОВ ЖАНДОС МУЗАПБАРОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2021-06-14 22:50:41

Текст сообщения
РД30 - Қоршаған ортаға эмиссияларға экологиялық рұқсат нақты қандай Заңнама сүйене отырып талап қойылған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 9 бабының 2тармағының 2 тармақшасында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді делінген. сонымен қатар, ЖСҚ-да Озон қабатын бұзатын заттармен және жұмыстары қарастырылмаған


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2021-06-16 17:11:39

Автор:
СМЕТОВА КАЛИЯ ОМИРБАЕВНА

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге құқықтық қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке қабілеттілікке (жеке тұлғалар үшін) ие болу бөлігінде біліктілік талаптары қойылады.
ҚР Экологиялық кодексінің 11-бабына сәйкес, ҚР аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын жеке және заңды тұлғалар табиғат пайдаланушылар болуы мүмкiн.
Табиғат пайдаланушылар осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына 2-қосымшаның екінші санаттағы рұқсаттар тізбесінің 47-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асыруға құқығын куәландыратын құжат қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат болып табылады.
ҚР Экологиялық кодексінің 1-бабының 98) тармақшасына сәйкес, экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат.
ҚР Экологиялық кодексінің 1-бабының 43) тармақшасына сәйкес, қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау.
Құрылыс жұмыстарын орындау әр түрлі қалдықтардың пайда болуымен және жобалау-сметада қоқыс шығару бойынша жұмыс түрлерінің болуына байланысты конкурстық құжаттамада қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттың болуы туралы талап заңды түрде орнатылған.