Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 175927
Тема сообщения
ограничивают и необоснованно усложняют участие потенциальных поставщиков а ГЗ
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
ИП Омар
Представитель поставщика
ШАЛАБАЕВ ДУЙСЕНБЕК
Дата и время отправки сообщения
2021-03-15 16:40:43
Текст сообщения
Конкурстық құжаттамада тіркелген ЖСҚ-ны кім және қандай мекеме жасады. Заңнамаға сәйкес ЖСҚ әзірлеген мекеме атауы, орыны және тапсырыс берушімен арадағы келісім шарт номері көрсетілуі тиіс. ҚР мемлекеттік сатып алу заңының 21 бабының 2 тармағының 2-бөліміне сәйкес неліктен екі жақты қол қойылып бекітілген ЖСҚ тіркелмеген. ,ЖСҚ атауы мен лоттың атауы; "Шатырды, төбе жабындыларын жөндеу орнату бойынша жұмыстар және осымен байланысты жұмыстар" деп көрсетілген. Алайда, ЖСҚ-да одан да бөлек ішкі әрлеу жұмыстары, жылу құрылғыларын, электр жүйелерін ауыстыру т.сс. жұмыстар көптеп кездеседі. Осыдан туындайтын сүрақ: Бұл конкурсқа қатысушылар санын төмендету мақсатында жасалған шара емес пе? ЖСҚ - ны мемлекеттік сараптамадан өткізбеудің амалдары емес пе? Сіздердің мекеме өткізген конкурстардың басым көпшілігінде осындай олқылықтар жиі кездесіп өзгертулер енгізу көп орын алады. Бұл мемлекет қаржысын тиімді әрі уақытылы игеруге де кері әсер етеді емес пе? Сіздер өткізген конкурстарда ЖСҚ дұрыс әзірленбеуі, басшылық тарапынан қадағалаланып екі жақты бекітілмеуі. жұмысқа қажетті еңбек және техникалық ресурстардың шамадан тыс көп сұралуына байланысты мемлекет қаржысы өте үнемсіз жұмсалып отырған жоқ па? Осы жоғарыда жазылған олқылықтар бойынша сіздердің мекеме өткізіп жатқан барлық сатып алуларыңыз бойынша тексеру жүргізіп, Заң шеңберінде жауап беруіңізді талап етемін. Немесе осы бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және де ҚР прокуратурасына шағымдануға құқылы екенімді ескертемін.
Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря
Дата:
2021-03-28 20:41:22
Автор:
ҚАЛМҰРЗА АҚНҰР РЫСҚҰЛБЕКҚЫЗЫ
Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Текст разъяснения
Мемлекеттік сатып алу заңының 4-бабына сәйкес , мемлекеттік сатып алудың негізгі қағидаттарының бірі бюджеттік қаржыны оңтайлы және тиімді жұмсау болып табылады.Сметалық құжаттама сметалық нормативтік базадағы бағаға және де ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жасалған. «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7 бабының 1 тармағына сәйкес электронды қолмен бекітілген құжат қағаз тасығыштағы құжатпен маңызы бірдей болып табылады.Ұсынысыңызды ескере отыра,аталған ашық конкурсты салып алу кезіндегі процедуралар ҚР заңнамасына сәйкес жүргізілетіндігін хабарлаймыз.