Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 102959

Тема сообщения
Қызылорда қаласының әкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі кенттер мен ауылдық округ шекараларын (шегін) белгілеу және өзгерту жұмыстарының ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ мазмұны мен талаптарының кейбір бөліктері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасына бірқатар сәйкессіздіктері бар, осыған сәйкес аталған құжатқа тиісті өзгерістерді енгізуді сұраймыз. Атап айтқанда:

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ЖК "АЙНА"

Представитель поставщика
КОЖАНИЯЗОВА АЙНА КОПБАТЫРОВНА

Дата и время отправки сообщения
2019-04-16 11:54:02

Текст сообщения
2. Тех сипаттаманың 8 бөлігі (Жобаны әзірлеу), 9.1. пунктінде: Нүктелердің координата ведомостарын Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған акқапараттық жүйесінің деректер қорымен (МЖК ААЖ) келісу көрсетілген.

Алайда, бұл талап ҚР Мемлекеттік сатып алу заңнамасының принциптеріне қайшы келетінін жеткіземіз. Мемлекеттік жер кадастры мекемесі де осындай сатып алуларға қатысушы және де өз мүдделерін қорғаушы тұлға (заинтересованное лицо)!

Сондай-ақ, елді мекендердің шекараларын бекіту жұмыстарының ережелерінде бұндай талаптарды қою еш жерде қаралмаған. Жұмыс сапасы бойынша орындаушыны басқа тұлғаға келісуге жолдау заңмен қарастырылмаған.

Осы бөлікті Тех сипаттамадан алып тастауды сұраймыз! Бас тартқан жағдайда, нақты заңға сілтемесі келтірілген негіздеме көрсетіңіздер!


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2019-04-23 10:34:14

Автор:
ҰЗАҚБАЕВ ӘМІРХАН СЕРІКҰЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Техникалық сипаттаманың 9.1 пунктіне қатысты:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 379 бұйрығымен бекітілген «Жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидаларының» 2-тармағының 16-тармақшасына сәйкес, «Жерге орналастыру жобасын қарау, келісу және бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жерге орналастыру жобасын әзірлеуші дайындалған жоспары және оның бұрылыс айналма нүктелері координаттарының ведомісі мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорынға, жобаланатын жер учаскесінің орналасқан жерінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келуін салыстырып тексеру үшін береді.
Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген жағдайда, шекаралардың қабаттасуларының жоқтығы, жер учаскесінің орналасқан жерінің, алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының деректерінің ұсынылған деректер бойынша сәйкес келуі, ауыртпалықтар мен шектеулердің жоқтығы), мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорын жер учаскесінің жоспарында және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосінде белгі қойып, оны әзірлеушіге материалдарын түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күнде береді. Жобаланған жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (жер учаскелері шекараларының қабаттасуы, жер учаскесінің орналасқан жерінің сәйкес келмеуі, жер учаскесі алаңының, сызық шектерінің, конфигурациясы мен координаталарының ведомостімен ұсынылған деректер бойынша дұрыс еместігі, ауыртпалықтар мен шектеулердің болуы), мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін кәсіпорын жер учаскесінің жоспарын және оның бұрылыс айналма нүктелері координаталарының ведомосін осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесінің шекараларының қабаттасу схемасымен қосып, 15 күнтізбелік күн ішінде әзірлеушіге қайтарады.».
. ҚР Жер кодексінің 152 бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Осы ретте, техникалық сипаттамада келтірілген талаптар қолданыстағы заң нормаларына сәйкес келеді.