Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 69541

Тема сообщения
"Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен Жалағаш ауданы әкімдігіне

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Рус-Улан"

Представитель поставщика
КОЖАХМЕТОВ ИСКЕНДИР КОЖАХМЕТОВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2018-06-30 18:44:41

Текст сообщения
2700287-1 Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі Нысанбай жырау көшесін орташа жөндеу жұмыстарын заңды өткізсеңіздер. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (лицензиясы) бар және бар объектілерді ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады.
Лицензиясы бар әлеуетті өнім берушілер техникалық ерекшелікте көрсетілген Жобалау-сметалық құжаттама бойынша әлеуетті өнім беруші сатып алынатын құрылыс – монтаждау жұмыстарын орындау үшін ие болуға міндетті құрылыс машиналарының, тетіктердің, автокөлік құралдарының, құрылыс – монтаждау жұмыстарын орындау үшін ие болуға міндетті аттестатталған инженерлік – техникалық қызметкерлер мен еңбек ресурстарының салуға жатпайды.
Жоғарыда көрсетілген Жобалау – сметалық құжаттама бойынша аттестатталған инженерлік – техникалық қызметкерлер сұратылуы негізсіз себебі Жобалау – сметалық құжаттама экспертизадан өткізілмеген, Жобалау – сметалық құжаттама экспертизадан өткізілгендеғана аттестатталған инженерлік – техникалық қызметкерлер сұратылатынын ескертемеіз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2018-07-11 18:48:25

Автор:
ӘБІЛҚАСЫМОВ ДАНИЯР ЕРЛАНҰЛЫ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
2700287-1 Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы, Жалағаш кентіндегі Нысанбай жырау көшесін орташа жөндеу конкурсы (әрі қарай – Конкурс) 29.06.2018 ж. мемлекеттік сатып алудың вэб порталында жариаланған.
2018 жылдың 01 қаңтарынан 01 шілдесіне дейін қолданыста болған ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 5-қосымшасындағы ескертудің 1-бөлігінде «Осы қосымшаның 3 (материалдық ресурстар) және 4-тармақтарының (еңбек ресурстары) талаптары құрылыс (жаңа құрылыс, бар объектілерді кеңейту, техникалық қайта жасақтау, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жаңарту және күрделі жөндеу), техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаты (лицензиясы) бар және бар объектілерді ағымдағы жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық және еңбек ресурстарының болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады» деп көрсетілген.
Бұл ретте, орташа жөндеу жұмыстары жатқызылмаған.
Ал, ҚР Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Құқықтық актілер туралы Заңының 43-бабы, 1-тармағында «нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды» делінген. Яғни, конкурс мемлекеттік сатып алудың вэб порталында 29.06.2018 ж. жариаланған. Осыған орай, конкурс 2018 жылдың 01 қаңтарынан 01 шілдесіне дейін қолданыста болған ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі.