Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 63342

Тема сообщения
Сәйкестендіру құжаттары

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
ИП Ахан

Представитель поставщика
УТЕГЕНОВ АХАН ЕСЕНТАЕВИЧ

Дата и время отправки сообщения
2018-04-27 23:59:12

Текст сообщения
Жұмыстарды орындау жөніндегі техникалық ерекшеліктердің 4-бөлігі 3-тармағында "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаментімен келісім-шарт жасау арқылы сәйкестендіру құжаттарын әзірлеп беру көзделген. Алайда, ҚР Жер кодексінің 153-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес, жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу және беру Мемлекеттік жер кадастрына жатқызылған, ал осы Жер кодексінің 152-бабы 3-тармағында Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады делінген.
Біздің білуімізше, уәкілетті мемлекеттік органдар сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу жұмыстарын ашық конкурсқа қосуды негізсіз деген пікір білдіріп, жарияланған бірқатар ашық конкурстар осындай мәселелер бойынша тоқтатылып, қайта ұйымдастырылуда.
Сондықтан, осы конкурстың техникалық ерекшеліктеріндегі сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу бөлігін, сатын алынатын жұмыстардың құрамына қосу/қоспау мәселесін заңға сәйкес негіздеп беруді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2018-05-04 18:46:27

Автор:
ТАУЕКЕЛОВА ГАЛИЯ ОСПАНОВНА

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
- Жалағаш ауданы бойынша "Ирригация және дренаж жүйлерін жетілдіру жобасының" 3-фазасына енген су шаруашылығы нысандарының құжаттарын рәсімдеу қызметіне бөлінген қаржының ішінде сәйкестендіру құжаттарын әзірлеу жұмыстарына қаржысы қосылып есептелінген. Сәйкесінше әлеуетті өнім беруші "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаментімен келісім-шарт жасау арқылы сәйкестендіру құжаттарын әзірлеп беру бойынша талапқа сәйкес өнім берушімен "Азаматтарға арналған Үкімет" Мемлекеттік корпорациясының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаменті арасында осы қызметті орындауға келісім-шарт жасалып, тапсырыс берушіге Жалағаш ауданы бойынша "Ирригация және дренаж жүйлерін жетілдіру жобасының" 3-фазасына енген су шаруашылығы нысандарының құжаттары толық дайын құжат ұсынылады. Жоғарыда көрсетілген түсіндірмеге сәйкес Жер кодексінің 152-бабы 3-тармағында Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады делінген тармаққа қайшы келмейді.