Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 553702

Тема сообщения
Конкурс құжаттамасының бұзылуы

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "АДТ-сервис"

Представитель поставщика
АҚЫНБАБА МҰХИТ ЖОМАРТҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2025-10-09 23:42:30

Текст сообщения
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен бекітілген «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларының» 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, көгалдандыру және оған ілеспе жұмыстар аумақты абаттандыру элементтеріне жатады. Осыған байланысты мұндай жұмыстар аумақты абаттандыру жұмыстары ретінде жіктелуі тиіс, ал оларды көгалдандыру және оған ілеспе жұмыстар ретінде бөлек қарастыру дұрыс емес.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 тамыздағы №425 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 72-тармағына сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсаты (хабарламасы) бар және құрылыспен байланысты емес (ағымдағы, орташа жөндеу, абаттандыру) жұмыстарды орындауға қатысатын әлеуетті өнім берушілер материалдық және еңбек ресурстарының бар екенін тиісті рұқсат (лицензия) арқылы растайды.
Осыған орай, тапсырыс берушінің КТРУ-ды дұрыс таңдамауы және сатып алу нысанына қатысы жоқ шамадан тыс біліктілік талаптарын белгілеуі бәсекелестікті шектеуге және қатысушыларды кемсітуге алып келеді. Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 4-бабында көзделген ашықтық, тең қолжетімділік және адал бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді.
Бұдан бөлек, мұндай жағдайлар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын да көрсетеді, себебі олар жекелеген әлеуетті өнім берушілердің мүдделерін көздей отырып, қатысу шарттарын әдейі қиындатуға бағытталуы мүмкін.
Осыған байланысты сатып алу нысанының классификациясын қайта қарап, бәсекелестікті шектеу мен сыбайлас жемқорлық белгілерін тудыратын талаптарды алып тастап, конкурс құжаттамасын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруді сұраймыз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-10-23 10:10:04

Автор:
ОМАР БЕРЕКЕ ЕРМАХАНҰЛЫ

Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации

Описание внесения изменения
В рамках законодательства РК будут внесены изменения и утверждены соответствующие документы .