Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 545000
Тема сообщения
Техникалық сиапттағы 31-ші тармақта қарастырылған талаптар заңсыз!!!
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
КХ "НҰР"
Представитель поставщика
ДЖУМАГУЛОВА НАЗГУЛЬ НУРУМОВНА
Дата и время отправки сообщения
2025-09-11 00:38:21
Текст сообщения
Техникалық сипаттамада 31-ші тармағында әлеуетті өнім беруші қызмет көрсетуге арналған ресурстар туралы келесідей қосымша мәліметтерді көрсету талап етілен:
Әр қызметкердің 1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 2) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (еңбек шарты, еңбек кітапшасы және зейнетақы аударымдары туралы анықтама); 4) санитариялық кітапшаның көшірмесі; 5) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама; 6) наркологиялық науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама; 7) соттылығының жоқтығы туралы анықтама (ҚР ЕК сәйкес 26-бап) 8) кәсіби жұмыскерлері үшін "Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" курсынан өткені туралы сертификат (кемінде 16 сағат).
Жоғарыдағы 1--ден 4-ке дейінгі көрсетілген талаптар 598 Бұйрықта қарастырылған, сол себептен оны көшіріп жазудың қажеті жоқ еді.
Ал, 5-тен 8-ге дейінгі тармақта көрсетілген талаптар 598 Бұйрықпен қарастырылмаған талаптар, сол себептен негізсіз деп санап және қатысушыларға заңмен қарастырылмаған артық талап деп санаймын. Бұл Еңбек заңнамасының талабы. Ал, 8-ші тармақтағы кәсіби жұмыскерлері үшін "Білім беру ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" курсынан өткені туралы сертификат (кемінде 16 сағат) деген талабыңыз мүлдем артық, өйткені 598 Бұйрықта да, Еңбек кодексінде де аспаз бен ас үй жұмысшыларының аталған сертификатты иемденуі қарастырылмаған. Сондықтан, Сіздің бұл талабыңыз заңсыз және қатысушылардың көлемін әдейі шектеу болып саналады. Барлық қатысушыларға тең мүмкіндік беруі тиіс.