Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 546089

Тема сообщения
Біліктілік талабы

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "ИнжТехнадзор"

Представитель поставщика
БАЙМАХОВ СӘБИТЖАН ӨМІРБЕКҰЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2025-09-17 10:23:56

Текст сообщения
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңының 34-1 бабының 7 тармағына сәйкес техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асыратыны айқындалған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (әрі қарай – Қағида) 49 тармағына байланысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес орналасуға рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы және (немесе) тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерге тиісті рұқсаттың (хабарламаның) болуы туралы талапты белгілеуге міндетті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңының 11 бабының 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін, негізсіз күрделендіретін және  шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Аталған мемлекеттік сатып алу конкурсының қысқаша сипаттамасында құрылыс қызметі саласын қоспағанда, техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтер екендігі көрсетілген. Осыған орай, әлеуетті өнім берушілерден техникалық қадағалау қызметтерін атқару үшін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңының 2 қосымша 347 тармағында көрсетілген рұқсаттаманы (хабарлама) қоюыңызды сұраймын.
Бұдан бөлек, Қағиданың 72 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес орындауға (көрсетуге) бірінші немесе екінші санаттағы тиісті рұқсаттың болуы талап етілетін жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылған жағдайда, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талабы ұсынылмайды.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-09-22 12:26:36

Автор:
ОМАР БЕРЕКЕ ЕРМАХАНҰЛЫ

Решение:
Внести изменения и (или) дополнения в проект конкурсной документации

Описание внесения изменения
Конкурстық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізіледі