Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 545847
Тема сообщения
Заңсыздық
Тип сообщения
Замечание к КД
Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "АДТ-сервис"
Представитель поставщика
АҚЫНБАБА МҰХИТ ЖОМАРТҰЛЫ
Дата и время отправки сообщения
2025-09-15 22:09:53
Текст сообщения
**«72. Мемлекеттік сатып алудың заты бірінші немесе екінші санаттағы рұқсатты талап ететін жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, әлеуетті өнім берушілерге Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағында көзделген материалдық және еңбек ресурстарының болуына қатысты біліктілік талаптары қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Қала құрылысы кодексіне және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы (рұқсат, хабарлама) бар әлеуетті өнім берушілер, егер мемлекеттік сатып алу нысаны құрылысқа жатпайтын жұмыстарға қатысты болса (ағымдағы немесе орташа жөндеу, реставрация, қолданыстағы объектілердің реэкспозициясы, абаттандыру, жабдықтау), материалдық және еңбек ресурстарының бар екендігін аталған лицензиямен растайды.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 желтоқсандағы №1414 қаулысымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензияланатын жұмыстар тізбесіне сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарына берілетін лицензия түрлері мен кіші түрлері мемлекеттік сатып алу нысанына сәйкес келуі (ұқсас болуы) қажет.
Мемлекеттік сатып алудың заты құрылысқа байланысты емес жұмыстар (ағымдағы немесе орташа жөндеу, реставрация, реэкспозиция, абаттандыру және жабдықтау жұмыстарынан тыс) болған жағдайда, әлеуетті өнім берушілер материалдық және еңбек ресурстарының бар екендігін осы Ережелерде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31-бабына және мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың біліктілік қабілеттілігін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес растайды.»