Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Обсуждение документации - Просмотр сообщения № 506482

Тема сообщения
на счет квал требовании

Тип сообщения
Замечание к КД

Поставщик
Товарищество с ограниченной ответственностью "Paradise Kazakhstan"

Представитель поставщика
КОНДЫБАЕВ БЕРЕКЕТ БЕРДИБЕКУЛЫ

Дата и время отправки сообщения
2025-03-16 16:31:15

Текст сообщения
Аталған конкурста әлеуетті өнім берушілерге келесі талаптар қойылған талдаптар MikroTik деңгейінен төмен емес маман сертификаты бар IT
мамандары Сертификатталған Маршрутизация Инженер
(MTCRE) өндірушінің ресми сайтында расталды:
https://mikrotik.com/certificateSearch. Шет тілінде сертификат
болған жағдайда, көрсетілген маманның сертификатының
көшірмесін нотариалды куәландырылған аудармасымен бірге
ұсыныңыз заңға қайшы болып табылады. Себебі бұл мемелкеттік сатып алу заңына қарама қайшы. Жәнеде аталған конкурста сұратылып отырған жұмысшылардың стаж сұратылған аталған талапта заңға қайшы екенін қаперіңізге береміз. Осыған орай сізден аталған талаптар бойынша өзгеріс енгізуіңіз сұралады . Оған қоса 8 ші қосымшада осы конкурс бойыншы бұрынғы жылдары жасалған қызмет тәжірибе бір жыл кқретілген бұл талаптарда заңға қайшы екенін ескеретміз.


Ответы представителей заказчика и организатора, секретаря

Дата:
2025-03-19 09:25:55

Автор:
АЛМАГАМБЕТОВ КУДАЙБЕРГЕН ЭЛЬКУАТОВИЧ

Решение:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Текст разъяснения
Құрметті Берекет Бердібекұлы!
2025 жылғы 16 наурыздағы конкурс құжаттамасына енгізілген біліктілік талаптарына қатысты ескертпеңізге байланысты төмендегіні хабарлаймыз:
1. MikroTik (MTCRE деңгейінен төмен емес) сертификатын және шет тіліндегі құжаттарға нотариалды куәландырылған аударманы талап ету туралы:
Аталған талап көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты қойылған. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 78-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші қызметкердің біліктілігін растайтын сертификаттың болуын талап етуге құқылы. Егер бұл құжат шет тілінде ұсынылған болса, оның нотариалды расталған аудармасын ұсыну талаптары заңнамамен көзделген және Заңға қайшы келмейді.
2. Мамандардың еңбек өтіліне қойылатын талап бойынша:
Қызметкерлердің еңбек өтіліне қойылатын талап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 78-тармағына сәйкес белгіленеді. Өтілді растау үшін ЕБҚҚ қорынан үзінді көшірме, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың бірі ұсынылады. Бұл талап көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне байланысты және әлеуетті өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелерді орындау қабілетін растауға бағытталған.
3. Еңбек өтіліне қойылатын талап конкурс құжаттамасында көзделген:
Конкурс құжаттамасының 8-қосымшасындағы «Еңбек ресурстары» бөлімінде (қажет болған жағдайда) қызметкердің еңбек өтілі үш жылдан аспауы тиіс екені көрсетілген. Бұған қоса, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе бекітілген нормативтерде неғұрлым ұзақ еңбек өтілі көзделсе, ол жағдайда ерекшелік қарастырылған.
Осыған байланысты, қойылған талаптар конкурс құжаттамасында белгіленген критерийлерге толық сәйкес келеді және олардан аспайды